Елорда сыртындағы барлық бағыт бойынша жол қозғалысы шектелді

Елорда сыртындағы барлық бағыт бойынша жол қозғалысы шектелді, деп хабарлады paryz.kz. 

Елорда сыртындағы барлық бағыт бойынша жол қозғалысы шектелді
Фото: egemen.kz

Сондай-ақ ауа-райының нашарлауына байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар өңірлерінің аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жалпы ұзындығы 2,9 мың шақырымды қамтитын 26 күре жол жабық. Бұл – республикалық маңызы бар жолдар желісінің 12%-ы.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 230 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды. 120 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды.