Павлодарда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Павлодарда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Павлодарда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 қарашада Естай көшесі, 83 үйге қарама-қарсы жағында FAW маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде»,– деді департаментте.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.