Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тараздық ана әскерге кеткен ұлының госпитальға таяқ жеп түскенін дәлелдей алмай дал

Тараздық жас сарбаздың анасы баласы әлімжеттіктің құрбаны бола ма деп қорқады. Өйткені борышын өтеуге кеткен жігітті әскерде ұрып-соққан. Осыдан кейін араша сұрап Астанаға аттанған ананың өтініші бойынша сарбаз Тараздағы әскери бөлімге ауыстырылған, деп хабарлады paryz.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Тараздық ана әскерге кеткен ұлының госпитальға таяқ жеп түскенін дәлелдей алмай дал
фото: РИА Новости/Виталий Белоусов

Алайда әлімжеттік әлі де тоқтамапты. Тіпті жақында жас сарбазды Астанадағы әскери госпитальға жөнелткен. Сондықтан әскерге сау аттанып, сырқат атанған баланы анасы үйге қайтаруды талап етіп отыр.

Гүлмира Ұзақбаеваның ұлы 10 қазанда Астанадағы десант-шабуылдау бригадасына әскери борышын өтеуге аттанған. Арада небәрі төрт күн өткенде Жасұлан Ұзақбай анасына хабарласып, сержанттардан қорлық көріп жатқанын айтқан.

Тіпті ұлымды зорламақ болған, - дейді анасы.

Осыны ести сала, әскери бөлімге аттанған ана баласымен арнайы кездесіп, Жасұланның таяқ жегеніне көз жеткізіпті.

«Басын сипағанымда төрт ісік шықты. Құлағының үстінде аяқтың ізі болды. Әскери полицияға арыз-шағым жаздық. Сонымен екі сержантты шақырттық, олар мойындады. Біреуі балағаттадым, біреуі жай белдікпен ұрдым деп мойындады. Баламның арқасында іскен жері бар, көгерген», - дейді Гүлмира Ұзақбаева.

Бұл жағдайдан кейін әскери бөлім басшылығы анасының өтінішімен сарбазды Тараздағы әскери бөлімге ауыстырған. Алайда әлімжеттік мұнда да жалғасқан. Көпбалалы ананың жалғыз тілегі – үйден сау болып кеткен баласының амандығы.

Астанада асылып қалмадың ба, екі ай ғана өмірің бар, екі айдан кейін өмірге келгеніңе өкінесің» деген. Сонымен баламды анда сүйрейді, госпитальге апарды, МРТ-ға түсірдік, басында ісігі бар деді. Жұлын мен мидың ортасында. Невропатолог бала екінші рет соққы алмасын деді, - дейді Гүлмира Ұзақбаева.

Ал өңірлік әскери штаб мәліметінше, әскери полиция сарбазды ұрып-соғу деректерін растамаған. Бүгінде «әскери борышын өтеуге құлықсыз» деп танылған курсанттың психологиялық жай-күйі тексеріліп жатыр екен.

Әскерге шақыртылған Жасұлан Ұзақбайдың әскери борышын өтеуге ниетінің жоқтығы бастапқы күннен-ақ байқалған. Қазір оның психологиялық жай-күйін анықтау үшін әскери госпитальге жіберілген. Ұрып-соғу мен психологиялық қысым көргені туралы шағым бойынша әскери полиця тексеріс жүргізді. Мұндай деректер расталмады, - деді ҚР Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Мухаринова.

Гүлмира Ұзақбаева мұндай жағдай болмағанда, бүгін ұлым әскери ант қабылдауға тиіс еді деп налиды. Ол госпитальде жатқан ұлынан әзірге хабар алмаған. Жалғызбасты ана елордаға жете алмай жүр. Ал емдеу мекемесіне туыстарын кіргізбейді. «Әскерге барып әлімжеттік көрдім» деген Жасұлан Ұзақбайдың сарбаздар сапында қалу-қалмауы медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.