Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

48 млрд теңгенің фельдшерлік рюкзагы: ДСМ ақпаратқа пікір білдірді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фельдшерлік рюкзактар сатып алу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

48 млрд теңгенің фельдшерлік рюкзагы: ДСМ ақпаратқа пікір білдірді
Фото: azattyg.ruhy

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда фельдшерлік рюкзактар сатып алуға бюджеттен 48 млрд теңге жұмсау жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі оны теріске шығарды.

«Денсаулық сақтау министрлігі осы мобильдік диагностикалық жабдықты сатып алуға қатысты бүгінде бюджет қаражатының есебінен сатып алу қарастырылмайтынын хабарлайды. Сондықтан оны Денсаулық сақтау министрлігі сатып алғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған болып табылады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.