Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты неге бұза алмай отыр?

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның компаниясымен неге келісімшартты үзбегенін түсіндірді, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты неге бұза алмай отыр?
Фото: Halyq Uni

Үкіметтің баспасөз орталығында «ҚТЖ» басқарма төрағасына «Әлия Назарбаеваның Instant Payments компаниясымен қарым-қатынасты үздіңіздер ме?» деген сұрақ қойылды. Нұрлан Сауранбаев келісімшарттың неше үзілмегенін түсіндірді.

Біріншіден, бұл мәселенің ұзаққа созылғанын білесіздер. Бұл мәселе туындағанда жоғарыда аталған акционер (Әлия Назарбаева, – автор) бірден акционерлер құрамынан шықты. Яғни, қазір ол жоқ. Екіншіден, министр Бағдат Мусин жанымда отыр. Қазір-ақ ол компаниямен келісімшартты бұзуға болатынын біледі. Бірақ одан кейін біз (билетті) онлайн сатып алу қызметін (жолаушыларға) ұсына алмаймыз. Демек компаниядан (бұл қызметті) осылай жұлып алу мүмкін емес.

Алайда бүгінде құзыретті беру актісі жүріп жатыр. Ашық конкурс өтті. Оны белгілі бір компания жеңіп алды. Қазір Instant Payments ЖШС-нан конкурсты жеңіп алған жаңа компанияға тапсыру (процесі) жүріп жатыр. Бұл 1 желтоқсанда болады», - деді «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасы.