Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Темекі бағасы қымбаттап, шылым шегетіндер азайды

Биыл шілде айында ұлттық статистика бюросы табак тұтынатындар санын анықтап, оның алдын алу және бақылау мақсатында 11,8 мың үйге сауалнама жүргізді. Ranking осы сауалнмамаға шолу жасады. 

Темекі бағасы қымбаттап, шылым шегетіндер азайды
Фото: Pixabay

Азаматтардың көбі темекі мен қорқор пайдаланбайтын болып шықты. Былтырғы жылмен салыстырғанда жаман әдетке құмартпайтын азаматтар саны артты: қорқор тартпайтындар 96,2%-тен 96,4%-ке, табак тұтынбайтындар 79,6%-тен 80,6%-ке көбейді.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 3,6%-і кальян шегеді: 0,4%-і – күнде, 3,2% - күн сайын емес.

Темекіні респонденттердің 19,4%-і пайдаланады: 15,8% - күнде, 3,6% - кейде.

Гендер бойынша бөлгенде темекі шегетін еркектер үлесі – 36%, әйелдер – 8,5%.

Сауалнамаға сәйкес, шылым шегетін респонденттер күніне жалпы 12,9 млн табак өнімін тұтынады.

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 0,4%-ке көп.
Пайдаланылатын табак өнімдерінің көп бөлігі, яғни 11,9 млн өнім – өнеркәсіптік жолмен өндірілген темекі.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,9%-ке аз.

Сондай-ақ қазақстандықтар арасында қағазға оралған темекі (255,5 мың), сигара (ораулы жуан шылым) мен сигарилла (234,8 мың), IQOS немесе GLO үлгісіндегі темекіні қыздыру құрылғысы (228,5 мың), электрон темекілер (136,5 мың), түтікше (74,9 мың) және қорқор (24,5 мың) танымал.

Өндірістік темекі, сигара мен сигарилланы әйелдерге қарағанда еркектер жиі тартатынын айта кеткен жөн.

Ал қағазға оралған, электрон темекі мен табакты қыздыру құралдарын ерлерге қарағанда әйелдер жиі пайдаланатын болып шықты.

Ал қорқорға әуес ер мен әйел саны тең екен.

2023 жылдың қазанында елде темекі бағасы айына 2,1%-ке, жылына 20%-ке қымбаттады.

Өңірлер бойынша, бір ай ішінде Ақмола (плюс 4,8%), Қостанай (плюс 4%) және Атырау (плюс 3,8%) облыстарында қымбаттағы қаттырақ байқалған.

Павлодар мен Қызылорда облыстарында темекі бағасына ең аз, әрқайсысында 0,1% қана қосылған.

Жылдық көрсеткіш бойынша, Қостанай облысында бірден 27,9%-ке қымбаттап кетті.

Одан кейінгі орындарға Батыс Қазақстан (плюс 24,6%) және Жетісу (плюс 23%) облыстары орналасқан.

Қызылорда облысында шылым шегетіндерге қымбатшылық аса байқалмаған, себебі ол 15,8%-пен соңғы орында тұр.