Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Солтүстік Қазақстанда 150 елді мекен үшінші күн жарықсыз отыр

Солтүстік Қазақстан облысының 10 ауданында 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстанда 150 елді мекен үшінші күн жарықсыз отыр
© Sputnik / Сергей Мальгавко

Еске сала кетейік, облыста 18 қараша күні тәулік бойы боран соғып, бір айлық жауын-шашын мөлшері, кей жерлерде одан да көп жауған болатын.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың 11 ауданындағы 217 елді мекенде электр жарығы сөнді. 33 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды.

"Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты компания мамандары жабдықтар мен желілерде көптеген технологиялық ақауларды тіркегенін хабарлады.

"Ылғалды қар мен қатты жел электр тарату желілерінде мұздар түзілуіне және бағаналардың құлауына әкелді. Қазіргі уақытта апатты жою тобы Аққайың (оның ішінде Смирново аудан орталығы), Мағжана Жұмабаева, Қызылжар (соның ішінде Бескөл ауылы), Мәмлүт, Жамбыл, Есіл, Тимирязев, Шал ақын аудандарында тексеру жүргізіп, ақауларды жоюда", - деп хабарлады компаниядағылар.

 

Ең күрделі технологиялық ақаулар Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Мұнда қалалық және аудандық жөндеу бригадаларының күшімен ауданда жарықтың толықтай сөнуіне әкелген 110 кВ "ПТЭЦ-2-Булаево-мұнай" бағанасы қалпына келтірілуде.

Қазіргі таңда "Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы" АҚ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы азаматтық қорғаныс подполковнигі Сәкен Ағзамовтың айтуынша, дүйсенбідегі таңертеңгі жағдай бойынша 10 аудандағы 150 елді мекен жарықсыз отыр, бұл 21 мыңнан астам абонентті құрайды.

Әлеуметтік желіде әр елді мекеннің тұрғындары үш күннен бері жарықсыз отырғандарын айтып шағымдануда. Сонымен қатар көптеген адамдар үйлерін электр қуатымен жылытатындықтан, олар суықта жылусыз және сусыз қалды. Өйткені электр сорғылары да тоқтап қалды.

"Аққайың ауданы әлі жарықсыз отыр, екі күннен астам уақыт өтті. Шұғыл әрекет қайда? Адамдар жарықсыз, сусыз, жылусыз отыр! Ал далада қыс!" – деп жазды ауыл тұрғыны.

Петропавлдан 12 шақырым жерде орналасқан аудан орталығы Бескөл тұрғындары да екі күннен бері жарықсыз қалды.

"Қазіргі таңда Бескөл ауылының тұрғындарын электрмен қамту жартылай қалпына келтірілді. Сонымен қатар су және жылумен қамту толық жұмыс істеп тұр. Жұмыстардың ұзақтығы электр жабдықтарындағы зақымданған жерлерді іздеу ауқымының үлкендігіне байланысты. Жұмыстар жалғасып жатыр", - деп хабарлады "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі.

Электр желілері компаниясы барлық қызметкерлердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін айтып, бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.