Асанәлі Әшімов Тұңғышбай Жаманқұловты қамшымен ұрды

Отандық кино саласының майталмандары Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов татуласты, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Асанәлі Әшімов Тұңғышбай Жаманқұловты қамшымен ұрды
Коллаж: BAQ.KZ

Соңғы жылдары араздасып жүрген екі аңыз іс-шаралардың бірінде татуласып, соның белгісі ретінде Асанәлі Әшімов Тұңғышбай Жаманқұловты қамшымен ұрды. Жаманқұлов өткен айда ғана 75 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

Бір кездері екеуі бір-бірінің әрекетін айыптап, Асанәлі Әшімов Тұңғышбай Жаманқұлов басқаратын Театр қайраткерлері одағынан бөлініп шығып, Қазақстан Театрлары қауымдастығын құрған болатын.