Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен 6 облыс "қызыл" аймаққа кірді

Ал "сары" аймаққа Қарағанды, Алматы облыстары кірді...

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен 6 облыс "қызыл" аймаққа кірді

Бүгін 2021 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал "сары" аймаққа Қарағанды, Алматы облыстары кірді. Қалған барлық өңірлер - "жасыл" аймақта.