Шымкентте полиция есірткі сатумен айналысқан 4 көршіні ұстады, деп хабарлады paryz.kz.
Олар қаладағы Қызылжар шағын ауданында тұрған. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкелері 4 ер адамның қылмысқа қатысы барын жедел іс-шаралар барысында анықтаған.
Полицейлер 47 жастағы қала тұрғынының мекенжайын тексеру кезінде бір қап апиын мен кептірілген марихуана тапты. Екінші күдіктінің үйінен есірткінің тұқымы мен атыс қаруы табылды. Тағы бір жергілікті тұрғын 5 келі марихуана сақтаған7 Ал 38 жастағы ер адамнан жедел уәкілдер есірті салынған 32 сіріңке қорабын тәркіледі, - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткі сатқандардың қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеді.