Бастықтар үндемеуді бұйырған»: Қонаевта екі полицей оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен

Қонаев қаласында полиция қызметкерлері мектеп оқушысымен төсектес болған, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Бастықтар үндемеуді бұйырған»: Қонаевта екі полицей оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен
Коллаж: Azattyq Ruhy

14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен полицейлер арсыз әрекеттерін видеоға да түсіріп алған. Жаға ұстатар жайтты НеМолчи ұйымының жетекшісі Дина Тәңсәрі хабарлады.

Оның айтуынша, облыстық ПД басшылары бұл жағдайды біледі және екі полицияны жұмыстан шығарып жіберген.

«Шұғыл! Бізге анонимді дереккөз хабарлағандай, Қонаев қаласында екі полиция қызметкері өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 14 жастағы оқушымен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсірген (қазір бейнежазбаны қызметкерлердің өздері таратып жатыр). Бізге олардың бірі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, екіншісі ғимаратты күзету жөніндегі полицияның қызметкері екені айтылды», - деп жазды Дина Таңсәрі.

AMP

Алматы облысында болған кезекті сұмдық жайтты бүгінде Полиция департаментіндегілердің бәрі біледі. НеМолчи ұйымының жетекшісі екі полиция қызметкері де қамауға алынған деп жазды.

«Қазір екеуі де қамауға алынып, өткен уақытпен кері жұмыстан шығарылғанын білеміз. Бүкіл ПД біледі, бірақ бастықтар үндемеуді бұйырды! Бұл ақпарат қаншалықты сенімді, Рустам Әбдірахманов? ҚР Бас прокуратурасының ақпаратын жеке бақылауға алуды және тексеруді сұраймыз, Егер ақпарат расталса, қызға қолдау көрсетуді, психологиялық және өзге де көмекті қамтамасыз етуді, қылмыстық істі бақылауға алуды сұраймыз. Біз бұл жағдай туралы білгендіктен, бұл туралы үндемей қала алмаймыз, өйткені қылмысты жасырғанымыз үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар», - деді ол.