Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызметін жарты-ақ жыл атқарған Талғар ауданының әкімі ұсталды

Ол 22 қаңтарда, яғни ұсталғанға дейін 2 күн бұрын қызметінен босатылған...

Қызметін жарты-ақ жыл атқарған Талғар ауданының әкімі ұсталды
фото: kapital.kz

Бүгін Алматы облысы Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевті пара алды деген күдікпен ұстаған. Бұл туралы ақпарат yyedilov телеграм-каналында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz, qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сай, аудан әкімінен бөлек, оның орынбасары Ахмет Әшімахун мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Асқар Шамаев та ұсталған.

Бұл ретте Серікжан Ерекешевтің 22 қаңтарда, яғни ұсталғанға дейін 2 күн бұрын қызметінен босатылғаны хабарланды. Алайда баспасөз беттерінде 22 қаңтарда мұндай ақпарат тарамаған.

Еске сала кетсек, Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі қызметін тек жарты жыл ғана атқарған.