Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Петропавлда қайтыс болып кеткен 200-ден астам адамды баспана кезегіне қойып қойған

Петропавлда мемлекеттік қордан баспана алу кезегіне қайтыс болғандар мен шетелдіктер қойылған. Бұл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасындағы прокурорлық тексеруден кейін белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

Петропавлда қайтыс болып кеткен 200-ден астам адамды баспана кезегіне қойып қойған
Фото: видеодан скриншот

Қадағалау органы көптеген, соның ішінде пәтерлерді бөлуге қатысты заңбұзушылықтарды анықтады. Қазіргі кезде 15 мың азамат кезекте тұр. Оның жартысынан астамы жетімдер, мүмкіндігі шектеулі тұрғындар мен көпбалалылар. Олардың барлығы көптен күткен қоныс тойын армандап жүргенде, әкімдік тізімінен 229 өлі және 58 шетел азаматы табылды.

«Сонымен қатар кезектер 10 рет қайталанған жағдайы анықталды. Дәл сол адамдар баспанаға мұқтаждар тізімінде болған. Тексеру барысында заңбұзушылықтар – бос тұрған пәтерлер анықталды. 12 пәтер. Тұрғын үйге мұқтаждар кезегі көп болғанымен, онда адам тұрмаған. Ал кезек көп», - деді Петропавл қаласы прокурорының орынбасары Асхат Әмитов.

Прокурорлар кейде тұрғын үй комиссиясынсыз тұрғын үй берілгенін анықтады. Оның үстіне жаңадан келген тұрғындардың кейбірі тіпті кезекке де тұрмаған.

Қадағалау органы пәтерлерді беру туралы шешімді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары өз еркімен шығарған деп есептейді. Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылық үшін лауазымды тұлғаға қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы әдеп жөніндегі кеңесте ескерту берілді. Прокуратура қылмыстық іс қозғады. Бірақ сотқа дейінгі тергеу құпиясына сілтеп, бұл былыққа кімнің қатысы бар екені және өзге де мәліметтер айтылмады.