Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Отбасы банк «9-20-25» бағдарламасының кімдерге арналғанын айтты

Бұл жайында Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Отбасы банк «9-20-25» бағдарламасының кімдерге арналғанын айтты
фото: Бауыржан Жуасбаев

Соңғы уақытта жас отбасылар бізге жиі хабарласып, «Бір баламыз бар, өмірлік жолымызды енді бастап жатырмыз. Бірақ бізде баспана жоқ. Біз мемлекеттік қызметкер де, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкері де емеспіз. Біз осы санат бойынша баспана кезегіне тұра алмаймыз» деп мәселесін айтады, – деді ол.

Банк басшысы мұны ескеріп, 9-20-25 бағдарламасының әзірленетінін айтты.

Бағдарлама “ставкасы” сәл жоғары болады. Өйткені, бағдарламаға қаржы нарықтан тартылады. Бағдарламаның бүкіл талабы мен барлық механизмі 2024 жылы нақты белгілі болады, - деді Ибрагимова.