Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бишімбаев ісі: ІІМ тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бишімбаев ісі: ІІМ тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты
Фото: vlast.kz

«Ондай мәлімет жариялауға жатпайды. Бірінші күні оқиға орнына кезекші тергеу тобы жіберіледі. Ертеңінде тергеу басқа маманға тапсырылуы мүмкін. Сондықтан осындай мәлімет тарап жатқан шығар.Қайталап айматын. Бірінші күні оқиға орнына арнайы топ шығады. Одан кейін (іс) арнайы бір адамға тапсырылады. Оның жанында тағы тергеушілер болады. (Қылмыстық істі) жалғыз бір адам тергемейді, топ болып тергеуі мүмкін», - деді Қожаев.

Ол атағандай, сот медициналық сараптамасы әдетте бір ай жүргізіледі.

«Өздеріңіз естіп жатырсыздар, бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соның нәтижесінде кім қандай жауапқа тартылады, (оның кінәсі) анықталады.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қанша тергеуші ауысқанын айтпады.

«Қазір сізге оны айта алмаймын, қанша тергеуші ауысқанын», - деді ол.