Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте жемқорлықпен айыпталған шенеунік сот залынан ақталып шықты

Шымкент қалалық мамандандырылған соты Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты ақтап алды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Шымкентте жемқорлықпен айыпталған шенеунік сот залынан ақталып шықты
Фото: gov.kz

Оtyrar.kz жазуынша, экс-шенеунік сот залынан босатылды.

«Мемлекеттік айыптаушы екі жыл жаза мерзімін беріп, оны қауіпсіздігі төменгі режимдегі колонияда өтеуді сұрады. Ал бүгін, 5 айға созылған тергеуден кейін Мұхтар Қоқанбаев сот залынан ақталып шықты», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат биылғы маусым айының соңында пайда болған еді. Сол кезде Антикор Қоқанбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеген болатын.

Оған кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп айып тағылды. Алайда кейіннен бұл бап ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі «Лауазымды өкілеттігін теріс пайдалану» деген санатқа ауыстырылды.