Үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала: Еліміздің 20 миллионыншы азаматтары кім екені белгілі болды

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала: Еліміздің 20 миллионыншы азаматтары кім екені белгілі болды
Фото: Baq.kz

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті.

Еліміздің 20 миллионыншы азаматтары 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да дүниеге келген 5 бала болды.

Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала.

1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн. адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3%-ға өсті.