Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мұғалімдердің ашық хаты: Оқу-ағарту министрі отставкаға кете ме?

Осыған дейін ұстаздар қауымы министрдің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады. Себебі аттестация тапсырудың қиындау мәселесі де бар. Бұл мәселеге қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz.

Мұғалімдердің ашық хаты: Оқу-ағарту министрі отставкаға кете ме?
фото: AMANAT партиясынан

Құжаттар «Ашық АНҚ» порталында жарияланды. Құжаттарды мұқият оқысаңыздар, ондағы негізгі идеология оқушының жетістігі арқылы мұғалімнің жетістігін бағалауды көздейді. Бұған дейін аттестация негізінен мұғалімдердің портфолия жинауына өзінің жетістіктеріне ғана негізделген болатын. Енді мұғалімдердің сұранысы бойынша және сарапшы топтардың жұмысының негізінде бұл әбден сараптамадан өткізіп, ұсыныстарды өткіздік. Сондықтан мұнда керісінше, мұғалімдердің артық тестіден өткізуге, 30 жыл қызмет еткен немесе зейнетке шыққанға дейін тест тапсырып, аттестациядан өту мәселесі көп қозғалған болатын. Бұдан бөлек, жалпы тестердің сапасына сын айтылатын. Бұған дейін де негізінен аттестацияға өте көп сын болды. Сол айтылған сынның бәрін жаңа ережеде ескерілді. Сондықтан да мұнда ең бастысы біздің негізгі бағытымыз балаларға сапалы білім беру, саналы тәрбие беру, - деді министр.

Бейсембаевтың сөзінше, бүгінде аттестация барлық сарапшының бір ауыздан айтып отырғандай, аттестация ережесі мен жобасы ұстаздар мен педагогтердің талабына сәйкес келеді.

Ол өзінің отставкаға кетуіне қатысты да пікір білдірді.

Жалпы кез келген министрді тағайындау немесе отставкаға жіберу Мемлекет басшысының қолында. Сондықтан бұл мәселе менің құзыретіме кірмейді, - деді Ғани Бейсембаев.