Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының басшысы 2 айға қамауға алынды

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық ІІБ бастығы қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының басшысы 2 айға қамауға алынды
Фото: arasha.kz

Қаланың бас сақшысы 27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға қоғамның наразылығын тудырды.

«Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды», - деп хабарлады Жетісу ҚБ баспасөз қызметі.

Облыстық соттың Марат Күштібаевқа қатысты шығарған үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, өткен аптада Талдықорған полиция департаментінің басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған еді.