14.11.2023, 17:25

Алматы облысында мектеп оқушылары сабақ кезінде порнокадрлар көріп келген

Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Алматы облысының прокурорлары жүргізген талдауда 425 мектепте информатика кабинеттерінде оқушылар тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізіп келгені анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

"Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кіргені белгілі болды

Бүгінде өңірдегі барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға қол жеткізуді шектейтін қондырғылар орнатылды", - деп жазды бақылаушы органнан.

Сонымен қатар, прокурорлардың талап-арызы бойынша көрсетілген интернет-ресурстарды (саны - 8) соттар заңсыз деп таныды, олардың таралуы бүкіл ел аумағында шектелген.

Осындай құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.