14.11.2023, 11:02

Алматы облысында халық Болат Назарбаевтың жаназасына жиналып жатыр

Фото: Azattyq Rýhy

Ауыр науқастан көз жұмған Болат Назарбаевты халық ақтық сапарға шығарып салуға жиналып жатыр. Тұңғыш президенттің інісімен қоштасу Шамалған ауылындағы өзінің үйінде өтеді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Жаназаға келіп жатқан адамның қарасы көп. 

Шамалған ауылындағы Назарбаевтың қара шаңырағы Байтұрсынұлы көшесінің бойында орналасқан. Көшенің екі жағы биік дуал, жағалай күзет қойылған.

Марқұммен қоштасып, көңіл айтуға халық жиналғанмен, олар ішке кіре алмайды. Биік қақпаның алдына қойылған күзет адамдарды тізім бойынша ғана ішке кіргізіп жатыр.

71 жасына қараған шағында ауыр дерттен көз жұмған Болат Назарбаевтың жаназасы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де оқылады.