Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев 5,5 жылға сотталды

Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы қала прокуроры, Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinformға сілтеме жасап. 

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев 5,5 жылға сотталды
Фото: Wikipedia

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған Мақсат Қожабаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

судья

Фото: Ирина Галушко/Kazinform

Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қожабаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған.