Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жетісу полициясы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған тәртіп сақшысына қатысты түсінік берді

Бұған дейін Талдықорған қаласы ішкі істер басқармасының лауазымды басшыларының бірі зорлық бабы бойынша күдікті деп танылғанын жазғанбыз. Ресми орган мәселеге орай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жетісу полициясы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған тәртіп сақшысына қатысты түсінік берді
Фото: Polisia.kz

Жетісу облыстық Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстановтың айтуынша, «Қыз зорлау» бабы бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы ұсталып, қамалған. Қазір зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалған.

- Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 2-бөлігі бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы күдікті деп танылып, уақытша ұстау мекемесіне қамалды. Тергеу жалғасуда. Іс Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында, - деді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.