Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Қазақстанда саусақ ізін тапсыру ерікті болады

Келесі жылы елімізде саусақ іздерін тапсыруға ешкімді мәжбүрлемейді. Бұл процесс ерікті түрде жүргізіледі.

Қазақстанда саусақ ізін тапсыру ерікті болады
© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Ішкі істер министрлігі әуелдегі шешімінен айнып, тиісті құжатқа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Бүгінде шешім қабылданып, заң жобасына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың саусақ ізін ерікті түрде тіркеу мүмкіндігін қарастыратын түзетулер енгізіліп жатыр. Шетелдіктер үшін дактилоскопия шекарадан өту кезінде міндетті болып қала береді, бірақ ел ішінде құжат рәсімдеу кезінде ол ерікті болады", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов.

 

Бұған дейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны хабарланған болатын. Ішкі істер министрлігі 16 жасқа толған қазақстандықтарды дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндеттеуді жоспарлаған еді.

Телеарна ақпаратынша, бұл бастама ең әуелі криминалистер жұмысын жеңілдетеді. Ішкі істер министрлігі адам жоғалған жағдайда, я түрі танымастай өзгерген сәтте жеке басын анықтауға мүмкіндік береді деп отыр. Саусақ ізін алу процедурасы адам өмірінде бір-ақ рет өткізіледі. Оны тапсыру-тапсырмау туралы шешімді әркім өзі қабылдайды.