Астана қалалық полиция департаменті мейрамханалардың бірінде болған әйел адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция мәліметінше, жары Салтанат Нүкееваны өлтірді деп күдіктелген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Астанадағы мейрамханалардың біріндегі әйел адамның өлімі ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіруге қатысты 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеліп жатыр», - деп хабарлады ПД өкілдері.
Бұл бапқа сәйкес, өзге адамның өліміне қасақана кінәлі адам сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.