10.11.2023, 14:18

Ақтаудағы екі баланың өлімі: пәтерге улы дәрі сепкен әйел бостандықта жүр

Фото: Lada.kz

Ақтауда 7-шағынауданда қандала улаймын деп, көршісінің екі баласының өліміне себепкер болған әйелге қатысты әлі ешқандай шара қолданылмаған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Lada.kz жазуынша, Маңғыстау облыстық полиция департаменті сараптама қорытындысының әлі дайын емес екенін мәлімдеді.

«Сараптама нәтижесі шыққан соң ғана іс бойынша айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселе көтеріледі», - деді ПД өкілдері.

Балалар өліміне әкеп соққан дерек Маңғыстау облысының полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 3-бөлігімен «Екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша тіркелді.