Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қарағанды облысында 15 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған

Қарағанды облысында 42 жастағы ер адам бірнеше рет зорлап, cоның салдарынан 15 жастағы қызы жүкті болып қалған.

Қарағанды облысында 15 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған
фото: mykaleidoscope.ru

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға үкім шықты. Сот жабық режимде өтті.

Әкесі кінәсін мойындады, бірақ бұл әрекетін «қыздың келісімімен болды» деп отыр. Айтуынша, ол өзінің туған қызы емес.

Сотқа дейінгі тергеу барысында оның биологиялық әкесі емес екені анықталды. Бұл тиісті молекулалық-генетикалық сараптаманың қорытындысымен расталды. Бірақ бұдан істің бабы өзгермейді. Қылмыс жасалғанда, ол оны туған қызы деп санады, ал қызы оны әкесі деп ойлады, – деді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.

Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сотталушы үкімге шағымданғанмен, облыстық сот оны күшінде қалдырды.