Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Болашақ» бағдарламасына бөлінген ақша тиімсіз жұмсалып жатыр – депутат

Сенатор Андрей Лукин ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, «Болашақ» бағдарламасына бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты.

«Болашақ» бағдарламасына бөлінген ақша тиімсіз жұмсалып жатыр – депутат
фото: Halyq Uni

Депутат алдымен «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының жұмысын сынады. Оның айтуынша, орталықтың жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмауынан және Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан тиісті үйлестірудің болмауынан шетелде кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға бөлінген қаражат тиімсіз игерілген.

Стипендиаттардың еңбек етуі мен оларды оқытуға жұмсалған бюджет қаржысын өтеуге мониторинг жүргізетін тиімді тетік жоқ. «Болашақ» түлектері халықаралық стипендияны беруге арналған үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес Қазақстанға оралу және мамандығы бойынша үздіксіз еңбек ету туралы талаптарды кейбір жағдайда бұзып келеді. Осындай 1 мың дерек белгілі, - деді сенатор.

Андрей Лукин мемлекетке 6,6 млрд теңге сомасындағы берешегі бар студенттер жайлы деректі мысалға келтірді.

«Жоғарыда аталған деректер оқытудың мақсатсыз тұстарын көрсетіп отыр. Шетелде алған білімі мен мамандығын елімізде пайдаланып жатқан жоқ. Бұл жоба жекелеген жағдайларда эмиграция құралына айналды, 270 түлек шетелде қалды. Сонымен қатар, жоба оқу туризміне айналған. Орталық іс жүзінде еңбек нарығының нақты қажетіне сәйкес шетелде мамандар даярлауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетіп отыр. Бұған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың болмауы, салалық министрлік тарапынан тиісті үйлестірудің жоқтығы себеп болып тұр», - деп сөзін түйіндеді сенатор.