Павлодар облысында есірткі таратты деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды. Ол тыйым салынған заттарды іш киіміне жасырған.
Бұл ретте Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері қала аумағында 31 жастағы әйелдің психоактивті заттарды байланыссыз тарататыны туралы жедел ақпарат алған. Олар күдіктіні заңсыз заттардың кезекті партиясын тасымалдаған кезде ұстады.
Күдікті кэш-бетбелгілерге орналастыру мақсатында тыйым салынған заттарды интернетте сатып алғанын мойындаған.
Әйелдің іш киіміне жеке тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 12,4 грамм синтетикалық заттан 25 байлам тәркіленді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.