Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

857 млрд теңгенің активі қайтарылды: Антикор тәркіленген виллалар мен коттедждерді көрсетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 айдағы жұмыс нәтижелері туралы мәлімдей келе, осы уақыт аралығында елімізде 1500-ге жуық жемқорлық қылмыс тіркелгенін айтты. Оның ішінде 1100-ден астам адам әшкерелеген, оның 158-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар, деп хабарлайды Paryz.kz. 

857 млрд теңгенің активі қайтарылды: Антикор тәркіленген виллалар мен коттедждерді көрсетті
Фото: видеодан скриншот

Антикор мәліметінше, сотқа 1 мыңнан астам іс жіберілді, олар бойынша 282 млрд теңге залал өтелді.

«2021 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Оның ішінде 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті. Мәселен, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтарылды», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда тіркелген жемқорлық қылмыстарға ерекше назар аударады. Жыл басынан бері өңірлерде барлығы 215 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 137-сі – басшылар», - делінген хабарламада.

Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметшілердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі.

AMP

Агенттік қызметіндегі басым бағыт – превенция жұмысы. Есепті кезеңде әртүрлі салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 180-ге жуық талдау және мониторинг жүргізілді. Оларды жою бойынша 1 500-ден астам ұсыныс енгізілді.

«Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында Антикор 38 млрд теңгеден астам шығындардың алдын алды. Еліміздің облыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде жалпы бюджеті 2,44 трлн теңгені құрайтын 156 әлеуметтік нысан белгіленді. Оларды жымқыруға жол бермеу мақсатында құрылыс барысына мониторинг жүргізіледі. Бұл процеске жұртшылық та қосылған», - делінген хабарламада.

Жалпы, халықтың жемқорлыққа қарсы белсенділігі артып келеді. Биылғы тамызда іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына 2 мың бей-жай қарамайтын қазақстандық қатысуда.

Сондай-ақ, «Бизнес жол» жобасын іске асыру жалғасуда. Ол кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.

«Іске қосылған сәттен бастап 24 мың бизнес субъектісіне көмек көрсетілді, 550-ден астам проблемалық кейс шешілді. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғышарттарын, әсіресе әлеуметтік маңызы бар салаларда жою жөніндегі жұмыс жалғасатын болады», - деді Антикор өкілдері.