Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Батыс Қазақстан облысында сиырлар қырылып жатыр

БҚО Бөрлі ауданында ірі қара мал жаппай қырылып жатыр. Әзірге оның себебі белгісіз. Бұл туралы «APK жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында сиырлар қырылып жатыр
фото: reuters.com

Ветеринарлар бірнеше мал басының сынамаларын алып, зертханаға жіберген. Аумақтық инспекцияның мәліметінше, Қарағанды ауылдық округіндегі ауылда 7 бас сиырдың өлімі анықталған.

Жалпы, мал қазан айында өле бастаған. Содан бері далада өлген жануарларды жабайы аң-құс жеп жатыр.

Мамандар 31 қазан мен 2 қарашада өлген 4 ірі қара мал басынан сынама алып, ветеринарлық зертханаға жіберді. Даладағы 3 ірі қара өлексесінен сынама алу мүмкін болмады. Өйткені аң-құс жеп кеткен. Зертханалық талдаулардың нәтижелері бір апта ішінде дайын болады, - дейді ведомстводағылар.

Аудандық ветеринарлардың болжамынша, ірі қаралар емкармен ауырған. Алайда ветеринарлық бақылау комитеті әзірге бұл диагноз расталмағанын айтады.

Ал шаруалар малдарының екпеден кейін қырыла бастағанын алға тартып отыр.

Ведомстводан хабарлағандай, тамыз-қыркүйек айларында Бөрлі ауданында ірі қара малға қарсы жаппай жоспарлы вакцинация жүргізілген. Вакцина отандық препаратпен жасалған. Препараттың жарамдылық мерзімі бұзылмаған.

Қазір мамандар вакцинаны да зерттеп жатыр. Аудандағы эпизоотиялық жағдай ветеринарлардың бақылауында.