07.11.2023, 12:18

Нұрсұлтан Назарбаевтың заңда қандай артықшылығы сақталған - министр жауап берді

Фото: tj.sputniknews.ru

Әділет министрі Азамат Есқараев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заңда тағы қандай артықшылығы қалғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy сілтеме жасап. 

Үкімет отырысынан шыққан министрге журналист «Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасында (заң бойынша) тағы қандай артықшылықтар қалды?» деген сұрақ қойды.

«Оған (Нұрсұлтан Назарбаевқа) қолсұғылмаушылық, көлік және үймен қамтамасыз ету құқығы сақталады», - деді Азамат Есқараев.