Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Paryz.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек – Көктал автожолының 93-шақырымында болды.
21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.