Шахтадағы 46 кеншінің қазасы: Нұрсұлтан Назарбаев қоры 50 млн теңге аударады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Костенко шахтасындағы кеншілердің қазасын зор күйзеліспен қабылдады. 

Шахтадағы 46 кеншінің қазасы: Нұрсұлтан Назарбаев қоры 50 млн теңге аударады
Нұрсұлтан Назарбаев пен Лакшми Митталдың кездесуі, 2015 жыл

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаны зор күйзеліспен қабылдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлді, - делінген хабарламада.