5 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жазатайым оқиға салдарынан бір адам қазақ тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жұмыстарды орындау кезінде тау жынысы құлау салдарынан 1984 жылы туған тау шебері өлімге әкелетін ауыр жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, – делінген хабарламада.