Семей қаласының полицейлері осыдан бірнеше күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды тапты.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, жоғалған қыз 2 қарашадан бастап үйде болмаған. Оның туыстары полицияға қыздың жоғалып кеткенін тек 4 қарашада хабарлаған.
Валерия Ефанова 2 қарашада сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған. Оның үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі болған. Жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы аралап, барлық жерді тексерді. Тек сағат 00:00-ге қарай полицейлер қызды тапты, – делінген хабарламада.
Табылғаннан кейін психологтар қызбен және оның заңды өкілімен әңгімелесті.
Қыздың мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады.