Павлодарда зейнеткер жоғалып кетті

«Vita» іздеу жүйелерінің мәліметінше, еріктілер жоғалған қарияны іздеуге шұғыл түрде шыққан. Әйел адамның есте сақтау қабілеті төмендеп кеткен, деп хабарлады Paryz.kz агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда зейнеткер жоғалып кетті
Фото: polisia.kz

«Бір жыл бұрын әжей үйден кетіп қалған болатын, ол кезде Успен тасжолынан табылған болатын. Қазір адамдардан аулақтап жүретіндіктен табу қиынға соғып жатыр», – дейді еріктілер.

Іздеу жүйесінде Равнополь ауылына жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарынан көмек сұрайды.

«Зейнеткер үсіп қалуы мүмкін. Бәлкім, ол сіздің ауылыңызда, сізге жақын жерде болуы мүмкін немесе оны біреу аяп, паналатқан шығар», – дейді еріктілер.