Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге өседі

Алдағы 4-5 жылдың ішінде докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге өседі
фото: Арма

 

3 жыл докторантурада оқып, PhD алып шыққаннан кейін осы оқыған уақыты университетке келгенде есепке алынбайды. Оқытушылықтан бастауына тура келеді. Бізде оқытушы, аға оқытушы, қауымдастырылған профессор, профессор деп бөлінеді. Профессорлыққа жеткенге дейін біраз уақыт өтеді. Мақалалар жазып, гранттарға қатысуы керек. Сондықтан ең алдымен PhD қағидаттарын өзгертіп жатырмыз. PhD шәкіртақысын көтереміз. Биыл 217 мың теңгеге жетті. Жыл сайын 20 пайыз көтеріліп отырады. Алдағы 4-5 жылдың ішінде 500 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарымызда бар, – деді министр Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында.