03.11.2023, 16:36

Қостанай облысында полицей әйел кісі қолынан қаза тапты

Фото: 24.kz

Қостанай облысында полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Костанайские новости» басылымының жазуынша, марқұмның өліміне оның күйеуі күдіктеліп отыр.

Олыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесі 1 қарашада таңертең өз үйінің ауласынан табылған. Күдікті – марқұмның күйеуі. Ерлі-зайыптылардың екеуі де полицияда жұмыс істеген. Сондай-ақ отбасылық қарым-қатынастар жақсы болмағаны хабарланады – ерлі-зайыптылар ажыраспақ болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс істеді деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді полиция.

Марқұмның артынша екі кішкентай баласы қалды.

Қылмыстық істі тергеуді ІІМ өз бақылауына алды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.