"Барыс" Мәскеуде "Динамоға" тізе бүктірді (ВИДЕО)

Бұған дейін "Барыс" 3:2 есебімен "Амурды" және 4:1 есебімен "Йокеритті" жеңген еді...

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында "Барыс" Мәскеудің "Динамосын" сырт алаңда 2:0 есебімен ұтып кетті, деп хабарлады paryz.kz, vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Екі шайба да бірінші кезеңде салынды. 16-минутта Джесси Блэкер, 19-минутта Павел Акользин шайба соқты. Екінші кезеңде "Барыс" салған тағы бір шайбаны төрешілер санамай қойды.

Осы ойыннан кейін "Барыс" 55 ұпаймен Шығыс конференциясында 8-орында келеді. Бұған дейін "Барыс" 3:2 есебімен "Амурды" және 4:1 есебімен "Йокеритті" жеңген еді.

Енді Юрий Михайлистің шәкірттері келесі ойынын 23 қаңтарда сырт алаңда "Витязге" қарсы өткізеді.