Қазгидромет синоптиктері 4-6 қараша аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайы Paryz
4-5 қарашада терең атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жаңбыр мен қар жауады, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Алайда 4 қараша күні циклонның соңынан батыстан антициклон бері қарай жылжиды.
Сол себептен түстен кейін жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температура төмендейді.
Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 аязға дейін, күндіз 3 аяз-8 жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 2 аяз - 5 жылы, таулы аймақтарда 5-10 аяз, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендейді.
Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.