Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа 1 млн теңге берген

Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа млн теңге берген, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа 1 млн теңге берген
Коллаж: Azattyq Ruhy

Алаяқтық туралы арызбен мегаполис полицейлеріне 27 жастағы азаматша жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, аз ғана уақыт таныған әйел оған оқу орындарының біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Бұл қызметін ол 1 млн теңгеге бағалаған. 

Аталған жайтты Тұран АПБ тергеушілері СДТБТ-ға ҚК-нің 190-бабымен тіркеді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті. 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Ол тағы бір азаматшаны мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып беремін деп бір жарым миллион теңгеге сан соқтырған. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесімен іс бойынша процестік шешім қабылданады.