Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тілшілерге өткізген брифингте «Алтын Орда» базары жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Арман Шаққалиев тілшілердің «Болат Назарбаев базар иесі ретінде жауапқа тартыла ма?» деген сұрағына жауап берді.
«Біз зерттеген құжаттамаға сәйкес, ол базардың иесі емес, сондықтан мен оның жеке тұлғасы жайында басқа ештеңе айта алмаймын. Базарға Болат Назарбаевтың қатысы бар деп те заң жүзінде айта алмаймыз. Бұл базар бойынша меншік иесі ретінде тіркелген ЖШС бар, олар осы жол картасына қол қойып, міндеттеме алған. Яғни, солардан жауап сұралады. Олар реестрде тіркелген және ресми меншік иесі саналады», - деді министр.
Ол Болат Назарбаев базардың иесі заңды түрде болса, құқықтық алаңда оған тосқауыл жоқ екенін айтты.
«Кез-келген адамды тексеруге болады, егер фактілер болса. Құқықтық тұрғыда, егер Болат Назарбаевтың үлесі болса, онда заң алдында бәрі тең», – деп атап өтті Шаққалиев.