Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы облысында аудан кітапханасы бір кітап жинағын 14 млн теңгеге сатып алмақ болған

Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында бағаны 18,5 млн теңгеге көтеру фактілерін анықтады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Алматы облысында аудан кітапханасы бір кітап жинағын 14 млн теңгеге сатып алмақ болған
фото: Halyq uni

Антикордың мәліметінше, «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» КММ 14 млн теңгеге бір кітап жинағын және 6 млн теңгеге кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғыны сатып алуды жоспарлаған. Алайда еріктілер кітап жинағының орташа бағасы 1,1 млн теңгені, ал кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғының бағасы 360,9 мың теңгені қамтитынын анықтады, – делінген Антикор хабарламасында.

Бұл ретте аудандық кітапхананың бағаны 18,5 млн теңгеге көтергені белгілі болды. Осыған байланысты еріктілер Іле ауданының мәдениет бөліміне бағаларды қайта қарау жөнінде ұсыныс жіберді.

Нәтижесінде кітапхана мемлекеттік сатып алудан бас тартып, 20 млн теңге көлемінде бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды.