Ең төменгі жалақы мөлшері 200 мың теңге шамасында болуы керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында үш жылға арналған республикалық бюджетті талқылау кезінде депутат Асхат Рақымжанов айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«ЖСДП фракциясы 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мен күнкөріс минимумының деңгейімен келіспейді. Сонымен қатар, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ай сайын әлеуметтік маңыздағы азы-түлік өнімдеріне тиісті мониторинг жасап келеді. Біздің есептеулер бойынша орташа алғанда бір қазақстандық барлық табысының 55 пайызын азық-түлікке жұмсайды», - деді А. Рақымжанов.
Оның пайымынша, ең төменгі жалақыны бірнеше есе көтеру керек.
«Біздіңше, Қазақстанда ең төменгі жалақы 200 мың теңге шамасында болуы тиіс», - деді депутат.