Талдықорғанда 2 жасөспірім ойыншық автоматын тонаған (ВИДЕО)

Талдықорғанда екі жасөспірім балаларға арналған ойыншық автоматын бұзып, тонап кеткен, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қала орталығында орналасқан ойын автоматын бұзып, ішіндегі сыйлықтарды ұрлап кеткен екі жергілікті тұрғын ұсталған. Жас талдықорғандықтардың бұзақылық әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп, оның жазбасы тәртіп сақшыларына күдіктілерді анықтауға көмектесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екеуі де ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді.

Күдікті ретінде 19 және 16 жастағы екі азамат ұсталды. Ойын автоматынан электронды темекі (вейп), зарядтағыш және ұялы телефонға арналған екі құлаққап ұрланғаны анықталды. Іс бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабына («Ұрлық») сәйкес жүргізіліп жатыр, – делінген Талдықорған қалалық ПБ-ның хабарламасында.