Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда жастардан шағын несиеге өтінім қабылданып жатыр

Тәуелсіз еліміз жастар үшін көп мүмкіндіктерге жол ашуда. Алматыда мемлекетке масыл болмай, жеке кәсіп ашып, жағдайымды жасаймын деген жастар үшін 2,5% төмен мөлшерлемемен шағын несие алу үшін өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Бағдарламаның агенті – «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жастардан шағын несиеге өтінім қабылданып жатыр
Фото: almaty-akshamy.kz

Несиелеу бөлімінің бас маманы Қанат Омаров ӨКҚ брифингінде осы несие беру рәсімі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Негізгі талаптардың ішінде өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс. 21-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер мен жұмысшы жастар жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады.

«Осы бағдарламамен Қазақстан Республикасы бойынша 28,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Алматы жастары үшін 4,8 млрд теңге бөлінді. Бұл мыңға жуық кәсіпкер мен жастар. Алматы қаласы бойынша 350 кәсіпкер мен жастарға кеңес берілді, 71 кәсіпкер бойынша өтінімдер қабылданды, олардың төртеуі комиссияның қарауына жіберілді», – деді Қанат Омаров.  

Шағын несие сомасы мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін 5 жылға дейін өтеу мерзімімен 5 млн теңгеге дейін құрайды. Шағын несие мерзімінің ұзақтығының үштен біріне дейінгі негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең көзделген.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепілмен қамтамасыз ету түрінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда үшінші тұлғаларды кепіл беруші ретінде тартуға болады (ата-аналары, туыстары және т.б.).

Несиелеу бойынша шешімді қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссияға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді.

Қажетті құжаттар тізімі:
– жеке басын куәландыратын құжат;
– жоба бойынша бизнес-жоспар;
– шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтамалар;
– қаржы ұйымдарынан (кредиттер болған кезде)кредиттік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;
– қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;
– кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
– кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Өтінім беру үшін Сәтбаев көшесі, 5 мекенжайындағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына құжаттарды тапсыру қажет. Шағын несиелер бойынша. толық ақпаратпен корпорацияның agrocredit.kz.сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіз еліміз жастар үшін көп мүмкіндіктерге жол ашуда. Алматыда мемлекетке масыл болмай, жеке кәсіп ашып, жағдайымды жасаймын деген жастар үшін 2,5% төмен мөлшерлемемен шағын несие алу үшін өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Бағдарламаның агенті – «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ. 

Несиелеу бөлімінің бас маманы Қанат Омаров ӨКҚ брифингінде осы несие беру рәсімі туралы егжей-тегжейлі айтып берген болатын. Негізгі талаптардың ішінде өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс.