Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Шеттерінен бақсы-балгер...": наурызда коронавирус өршитінін айтқан Цой сықақталды

Ондай жағдайда ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін екен...

"Шеттерінен бақсы-балгер...": наурызда коронавирус өршитінін айтқан Цой сықақталды
фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Балғымбек Имашев Instagram-дағы парақшасына Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың кезекті сәуегейлігіне қарсы шығарған тұрмыстық пародиясын жариялады. "Дос-Мұқасан" тобының репертуарындағы белгілі "Той жыры" әнінің желісімен жазылған ол өлеңінің кіріспесінде "Қой үстіне бозторғай, Цой жағына жылан жұмыртқаласын!" деген, деп жазды paryz.kz.

Бұл ретте ақын өзінің пародия жазуына себеп болған министр сөзін "тақырыпқа - тұздық" ретінде қоса шығарып қойған.

"Наурыз айының соңында елде коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың адам, реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6-9 мың адам вирус жұқтырады деген болжам бар", - деп отыр министр.

Ондай жағдайда ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін екен. Сонда да қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланбаған.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының қазіргі бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин республикалық бас санитар кезінде осы індеттің елге "на конец-то" келетін болғанына "қуанып кеткен" еді. Енді міне, ақ халатты шенеуніктерге тән көріпкелдік "қасиет" Цойдың бойынан да байқалды. Кезекті өлеңге берейік:

Цой жыры

Карантиннің құдірет күші әлдилеп,

Бар әлемнің суылдатқан жүрегін.

Адамдарды ойлайды ма зомби деп,

Екпе салмақ қалдырмастан біреуін.

 

Қайырмасы:

Цой үстінде қатты күндер, қатты күндер,

Шықпаса екен "наконец!" деп шаттық үндер.

Кім айтады бұл әлемдік қойылымның,

Авторлары нақты кімдер, нақты кімдер?

 

Вакцинация - боп тұр ажал бесігі,

Біліп алдық Билл Гейтстің ойларын.

ВОЗ дегенің - барлық дерттің есігі,

Орындаушы болмаса екен Цойларың.

 

Қайырмасы:

Министрлер дәріден жер, маскыдан жер,

Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәрігер?

Кім ауырад, кім өледі, қашан өлед,

Шеттерінен бақсы-балгер, бақсы-балгер.

 

Цой үстінде нақты кімдер, нақты кімдер?

Басқарып тұр әлемдегі БАҚ-ты кімдер?

Жалғандықты жалау етпей журналистер,

Қара қылды қақ тіліңдер, қақ тіліңдер!