Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«АрселлорМиттал Теміртау» акционерлері арасында Назарбаевтар әулеті бар ма?

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселлорМиттал Теміртау» АҚ-ның акционерлері кімдер екенін айтты, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

«АрселлорМиттал Теміртау» акционерлері арасында Назарбаевтар әулеті бар ма?
Нұрсұлтан Назарбаев пен Лакшми Миттал, 2014 жыл

Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер ведомство басшысына «АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлерінің қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің өкілдері бар ма?» деп сұрақ қойды.

Қанат Шарлапаев бұл ақпарат тексерілгенін жеткізді.

Жоқ, «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясының бізге берген мәліметі бойынша, олар кәсіпорынның 100% меншік иесі болып есептеледі. Сондықтан («АрселлорМиттал Теміртау» АҚ) өз акциялары бойынша толық шешім қабылдай алады, - деді министр.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан миллиардер Лакшми Митталдың үстінен қылмыстық іс қозғалмауы мүмкін екенін айтады. Одан бөлек, Абзал Құспан 1995 жылы Лакшми Митталдың Қазақстан нарығына қалай келгені туралы түрлі ақпарат айтылып жатқанына назар аударды. Айтуынша, мемлекет басшысымен кәсіпкерді кім таныстырғаны, қандай сомада пара бергені туралы да дерек бар. 

Белгілі заңгер осының бәрін ескеріп, Қазақстанның бас прокуратурасы бұл деректерді қылмыстық істердің бірыңғай тізіліміне енгізіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты тергеу жүргізуі керек деп санайды.