Биыл 9 айда жол апатынан 1,6 мың адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
1,6 мың адам қаза тапты, оның ішінде:
Сондай-ақ
Аймақ бойынша ең көп жол апаты:
Апаттың негізгі себептері — адами фактор.
Апаттың 88% астамы жүргізушілердің (8 703) кінәсінен болады, оның 305-і алкоголь және есірткіге мас күйде жасалады.
Жол апатынан зардап шеккендердің жас ерекшелігі:
Сондай-ақ кінәлілердің арасында көбіне:
Жол апатының көп бөлігі:
Жол апатының ең көбі дүйсенбіде жасалады — 1 462, сәрсенбі — 1 447, жексенбі — 1 418.
Оның ішінде көбі күндізгі уақытта — 6 120, түнде — 1 140, күн батқаннан кейінгі мезгілде -1 493 болған.
Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы салдарынан апат қауіпі артады.
«Осы ретте автокөліктің техникалық жай-күйін қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, уақтылы қысқы шина салдыру, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолда өте мұқият болу, жол ережесін сақтау қажеттігін еске саламыз. Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шинамен жабдықталмаған көлікті пайдалануға тыйым салынады. Техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделеді және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Құрметті халайық! Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз» деп ескертеді Бас прокуратурадан.